Әйелі мен екі қызын өлтірді деп айыпталған БҚО тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 31.07.2020370

Батыс Қазақстан облысының аса ауыр қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандырылған соты Серік Кафизовты әйелі мен екі кішкентай қызын өлтірді деп тауып, өмір бойынша бас бостандығынан айыруға үкім кесті.

Кафизов аса қатыгездікпен кісі өлтіру (Қылмыстық кодекстің 99-бабы), өзгенің мүлкін адам денсаулығына зақым келтіретіндей етіп қасақана жою немесе бүлдіру (202-бап) баптары бойынша айыпталды.

Судья Бақыт Ермахановтың мәлімдемесіне сәйкес, Серік Кафизов 9 cәуірге қараған түні әйелі Жадыра Жұмалиева мен 6 және 8 жастағы екі қызы тұратын үйге келген. Ол өзімен бірге бес литрлік бөтелкемен бензин әкелген. Кафизовтың айтуынша, ол мұны әйелін қорқыту үшін істеген. Сот процесінде ол сіріңке бензин құйылған бөтелкеге "абайсызда түсіп кетті", соның салдарынан өрт болып, отбасын "құтқара алмадым" деп мәлімдеген. Марқұмдардың туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Олар Кафизов бұл қадамға саналы түрде барды дейді.

— Кафизовтың кінәсі куәгерлердің жауабымен және сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді. Сот жасының кіші болуына байланысты қарсылық көрсете алмаған балаларға қарсы жасалған қылмыстың қатыгездігін, өлтіру амалында кісіні аса қатты азаптау мақсаты болғанын ескере отырып Кафизовты өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім кесті, — дейді судья Бақыт Ермаханов брифинг кезінде.

Тағайындалған психиатриялық сараптама Кафизовтың бойынан психикалық ауытқуды анықтамады. Сот шешіміне сәйкес, жаза төтенше қауіпсіз колонияда өтелуі тиіс. Жалпы мерзімнің алғашқы бес жылында Кафизов толықтай қауіпсіз тәртіпте өткізуі қажет. Яғни ол бес жыл бойы жалғыз адамдық камерада отыруы керек, деді судья Ермаханов.

Сот сондай-ақ Кафизовты моральдық шығын ретінде қаза тапқан Жадыра Жұмалиеваның ата­-анасына 45 миллион теңге және материалдық шығын ретінде үш миллион теңге төлеуге міндеттеді. Материалдық шығынға Жадыраның әкесі Ақболат Жұмалиевтің өрт кезінде жойылған үйі жатады.

— Біз үкіммен толық келісеміз, соттан оны өмір бойынан бас бостандығынан айыруды сұрағанбыз. Оны моральдық және материалдық шығынды өтеуге де міндеттеді, бірақ ешқандай ақша жоғалтқанымызды қайтара алмайды, — деді Ақболат Жұмалиев.

Судья Бақыт Ермаханов негізгі үкімнен бөлек Жадыра Жұмалиеваның арызын қараусыз қалдырған полиция қызметкерлеріне қатысты жеке қаулы шығарды. Жұмалиева қайтыс болғанға дейін полицияға бірнеше рет ұрып-соғу жөнінде арыз түсірген. Полиция ол кезде Кафизовты тек бес тәулікке қамаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?