Моңғол жазушысы Қабдеш Жұмаділовке ортаңғы саусағын шошайтты

Бағашар Тұрсынбайұлы - 05.09.20198742

Бүгін Азия қаламгерлері форумының форсайт күні. Әр елден келген жазушылар өз шеберханасымен бөлісіп жатыр. Мінбеге қазақ жазушысы Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ шықты.

Жұмаділов жалпы әдебиет туралы, оның ішінде жазушының міндеті не деген сұрақ төңірегінде, ұлт әдебиеттері деген түсініктер туралы сөйлей келе тарихи тақырыпқа ауысты. Өзін бірнеше тарихи роман жазған жазушы ретінді таныстырып өткен соң: 

"Мен әдебиет пен тарихты бөлмеймін. Бізде жалған концепция бар. Оған тарихшылар, саясаттанушылар кінәлі. Оған империялық саясаттың қатысы бар. Біз соған қарсы күреспедік. Ол өтірік не? Шыңғыс хан түрік пе, моңғол ма? Осы мәселе әлі күнге айтылып келеді. Моңғолдарға рақмет. Өйткені Шыңғыс хан жауыз дегенде біз одан безіп шықтық. Олар ұзақ жылдар оны иеленді", - деді.

Жазушы одан әрі Шыңғыс ханды қайта тану тұрғысында атқарылып жатқан істер төңірегінде біраз тізім келтірді, қағанның түрік екеніне аздаған дәлелдер келтірді.

"Бір өтірік мың өтірікті туғызады. Өтірікті арқалап жүріп, қалай шыдаймыз. Қаламымызды шыңдайтын күш - шындық. Бұл бәрімізге ортақ нәрсе. Бәріңіз шындықты айту үшін қалам ұстап жүрсіздер. Бүкіл Азияны жайлаған, Еуропаны билеген Шыңысханды моңғол демейік. Кейінгі ұрпаққа тарихты таза күйінде өткізейік. Бұрынғы империялық саясаттың кемшілігін түзейік. Осы шындықты қалыптастыруға көмектесейік. Біздің қазақтың сөзін біреу тыңдаса, біреу тыңдамайды. Қазір түріктерден қауіптенетін ештеңе жоқ. Қазір біз өз бабамызды қайтарып алуымыз керек. Оның ұрпақтары, төрелер бәрі Қазақстанда. Осы күнге дейін Шыңғыс ханды иемденіп келген моңғолдарға рақмет", - деді Қазақстан халық жазушысы.

Бірақ, жазушының бұл сөзі моңғолдарға мүлде ұнамағаны білінді. Тіпті, осы сөзді естіп отырған моңғол жазушысы Гун Аюрзана орнынан тұрды да, жазушыға ортаңғы саусағын шошайтып, шығып кетті.

Соңыра бірінші бөлім біткенде ақын Есенғали РАУШАНОВ сахнаға шығып: 

«Жаңа келген қонақтардың арасында бір сөз боп жатыр. Гун Аюрзана мырза Қабдеш Жұмаділовтің сөзіне ренжіп жатыр екен. Қабекеңнің сөзі – өзінің пікірі. Бұл қазақ халқының моңғолдарға деген көзқарасын білдірмейді. Ол жақта біздің қандастарымыз жақсы тұрып жатыр. Бұл достығымыз ары жалғаса береді», -  деп қонақтардан кешірім сұрады. 

Фотоны автор ұсынды.

Мақала авторы:

Бағашар Тұрсынбайұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным