Жастықтың лебі есетін

Сайт Әкімшілігі - 07.05.20203260

Жастар жүрген жер қашанда қызыққа толы болары белгілі ғой. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында өзім қызмет еткен «Лениншил жас» газетіндегі кездерді қалай ұмытайын. Ол кезде басылым аптасына бес рет, 300 мыңнан астам таралыммен еліміздің  түкпір-түкпіріне кешікпей жететін. Сондай қызу еңбегі қайнаған, «сен тұр, мен атайын» дейтін орта буын ағалар мен жастардың ортасына, дипломымды қолыма алғаннан кейін, қойдым да кеттім. Ол кезде бас редактор белгілі жазушы Сейдахмет Бердіқұлов еді. Мен жолым болғыш адаммын-ау, сірә. «Лениншіл жасқа»  корректорлық қызметке бірден қабылдандым. Өте биязы, мінезі салмақты, өзгеге қайдам, маған түрі  сұсты көрінген бас редактор: «Ал, қарағым, сәттілік тілеймін», – деп, өтінішіме қолын қойып берді.

Ұзын дәлізді бойлап жүріп келемін, бір кабинеттен бір кабинетке қолдарына бір жапырақ қағазды ұстаған ағайлар мен тәтейлер кіріп-шығып жүр. Маған бәрі қызық көрінді. Есіктің сыртында «Жауапты хатшы Ерғали Сағат» деген жазуы бар кабинетке қайта келдім. Ол кісі: «Ертең сағат 10-нан қалмай жұмысқа келесің, сосын аға корректорға табыстаймын», – деп шығарып салды. Қуанышымда шек жоқ, мектеп кезінен  сүйіп оқитын басылымым болғандықтан және кейбір қызметкерлерін аздап білетінім бар дегендей, ақыры ұжыммен тез араласып кеттім. Сонымен, алғашқы жұмыс күнім де басталды. Өзім қатарлы жастар баршылық екен. Тез тіл табыстық. Бір ай сынақ та зымырап өте шықты. Сынақ кезінде маған газеттің бірінші бетінен басқасын сеніп тапсырды. Міндетім – газеттің өзіме тиесілі бетін қатеден арылтып, кезекші редактордың ескертуін бұлжытпай орындау. Кейде газеттің қатталуы кешігіп басталады екен. Мен оны сол газетте істеп жүргенде ғана білдім.

Бір күні қызық болды.  Сынақтан өтіп, өте жауапкершілікті талап ететін бірінші бетті оқитын күн келді. Бетті қатеден тазартып, редакторлардың ескертуін салып, тап-таза бетті енді баспаханаға өткіземіз деп отырғанда кабинеттегі сары телефон шар ете қалды. Тұтқаны көтерген Баян Тәңірбергенова ар жақтағы жауапты хатшыны тыңдап болып, «жарайды, айтайын» деп, тұтқаны орнына қойып жатып маған бұрылды: «Алтынай, бетің бұзылады, бізде ондай-ондай болып тұрады. Сен ренжіме».  Менің зәрем ұшып кетті. Ішімнен «құдай сақтасын, не үшін?» деп ойлап үлгергенім сол еді, аға корректор: «Мынаған қараңдар, түрі  бұзылып кетті ғой, одан да шыныңды айт, не бүлдірдің?», – деді салқындау.

     «Ештеңе бүлдірмеген сияқты едім ғой» деген ой санамды шарлап кетті. Түрім қорқынышты болып кетсе керек, Баян: «Неге қорқып кеттің? Сенің бетің емес, газеттің беті бұзылады», – деді жан-жағында отырғандарға қарап мәз болып. Кабинеттегілер көздерінен жас аққанша күліп алды.  Әлі  түкке түсінбей, көзім атыздай болып мен тұрмын. «Бетім неге бұзылады?» деп сұрауға шама жоқ. Сәлден кейін қыран-топан күлкі саябырсығанда барып:  «Неге бет бұзылады?» – дедім әлі де түкке түсінбей. Өйткені жұмысқа тұрғалы бет бұзылады дегенді естімеген едім. «Енді не істеймін?» дедім. «Не істеуші едің, бетте тұрған таза, оқылған мақаланы алып тастайды. Орнына орталықтан ресми мақала түседі. Соны қайта оқып, қатеден тазартасың» деді әріптестерім. Мақала да түсті, бет те қатеден тазартылды. Газет те оқырмандарына жол тартты.

    Ал редакциядағы қызықтар жалғасып жатты. Жастар газеті сонысымен де тамаша еді. Сол күндерді сағынасың. Амал қанша, ол күндер енді оралмайды. Аға буынның жолын қуған, ісін жалғастырған жастардың арқасында «Жас Алаш» әлі күнге жұрттың көз алдында. Ғасыр жасаған ғажайып газеттің болашағы нұрлы болғай!

Алтынай ЖОЛДЫБЕКОВА,

 «Жас Алаш» газетінің байырғы қызметкері

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Сайт Әкімшілігі

Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?