Аймақтарда халық саны азайып барады

05.02.2020, 12:00

81

Кейбір облыстарда тұрғын саныазайып барады. 2019 жылы еліміздің алты облысында демографиялық кері көрінісбайқалды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігініңстатистика комитеті жариялаған деректерден белгілі болды.

Адам саны азайып бара жатқан өңірлердің тізімін, халқы 8 879-ға қысқарыпкеткен, Шығыс Қазақстан облысы бастады. Бұл облыста қазір 1 369 648 адам тұрыпжатыр (2020 жылдың 1-ші қаңтарына сәйкес деректер). Аймақтағы халықтың табиғи өсімі 7 660 жанды көрсетсе, 16539 адам көшіп кеткен. Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай мәз емес. Табиғиөсімі бар-жоғы 190 адамды құраған өңірден 5 699 жан көшіп кеткен. Салдарынан облыс халқы бір жылдың ішінде 549 008 адамға дейін кеміпкетті. Қостанай облысының тұрғын саны өткен бір жылда 4 258 адамға қысқарды.Көшіп кеткендер саны 6 747 адам. Ақмола облысы да керікеткендер қатарында. Табиғи өсімі 4 935 адамды көрсеткен, көшіп кеткендер саны– 6 747 адам. Минус – 1 812. Павлодар облысындағы халық 1 531 адамға, Қарағандыоблысында болса, 1 331 адамға кеміген.

Статистикалық осы деректерге қарағанда, жалпы Қазақстан халқы былтыр 237751 жанға өскен. 2020 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, республика тұрғындарының саны1,29% өсіп, 18 633 318 адамға жетіп отыр. Демографиялықоң нәтиже беріп отырған батыс және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлер, Нұр-Сұлтанмен Алматы, Шымкент қалалары.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:52
Прокурор 10 жылға соттамақ болған Шкарупа ақталып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бифат ЕЛТАЕВА 27.01.2021, 09:28
Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46