Байбек бес айтысқа ақшаны қайдан табады?

07.09.2019, 11:29

73

«Нұр Отан» партиясытөрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК биыл Қазақстан бойынша бес айтысөткізетінін хабарлады. Бұл туралы билік партиясының басшысы instagram.comәлеуметтікжелісіндегі парақшасында жазды.

«Айтыс сүйер қауымғажариялар сүйінші хабарымыз бар. Таяу күндерде «Nur Otan» партиясының қолдауыменАлтай мен Атырау, Алатау мен Арқа арасын дүбірлі думанға бөлейтін Айтыс аламаныбасталады. Бұл айтыс десе арқасы қозып, рухы асқақтайтын қазақ үшін орны бөлекмереке», — деп жазды Бауыржан Байбек.

«Нұр Отан» партиясы «Жыр жұлдызы — Фариза», СәкенСЕЙФУЛИННІҢ 125 жылдығына, «Отан отбасыдан басталады», «Береке бірлігіңде, елім»,«Алтын домбыра» атты халықаралық және республикалық жыр додасын өткізбекшіекен. Бұл бес айтыс қыркүйек пен желтоқсан айларының аралығында өтеді.  

«Ежелден «Бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ» деп, хан алдында дат айтып, еркін ойға ерік берген, баршағабірдей теңдік берген елміз. Сондықтан ұлтымыздың осындай озық өнерін, ізгідәстүрлерін жалғастыру бізді кемелдендіре түседі. Осыған орай партияТөрағасының бастамасымен қайта жаңғыруға кірісіп, екінші тынысы ашылып отырғансаяси ұйымымыз айтысқа айрықша назар аударып отыр», — деп жазды партиятөрағасының бірінші орынбасары.

Бауыржан ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ 29 маусым күні «Нұр Отан»партиясына қайта оралғанда саяси ұйымның жұмысын сынға алған. Біраз кадрлықөзгерістер жасап, облыстағы партияның филиалдарын аралап шықты. «Биліктіайтыскерлер сынап кетті. Өйткені ақындармен дұрыс жұмыс жасалмады» деген дееді.

«Кезінде айтыскерлер үлкенсахнадан «Нұр Отан» туралы айтып, халыққа оны жақын көрсеткен болатын. Соңғысайлауда өздеріңіз білесіздер, кейбір айтыскерлер билікке қарсы шықты. Неге,олармен нақты жұмыс жүргізілмеген. Қазіргі кезде кейбір айтыскерлердің деңгейітөмен. Жалпы әңгімені айтады, халыққа ұнау үшін. Ұпай жинау үшін», — деген еді БауыржанБайбек. 

Бес айтысты ұйымдастырып жатқан  Байбек мырза айтыскерлермен жұмыс жасаудықолға алған сияқты. Бұрындары айтыс жеке адамдардың қолдауымен өтетін. МәселенМұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Болат ӘБІЛОВ, Амангелді ЕРМЕГИЯЕВ, Өмірзақ СӘРСЕНОВ,Нұртай САБИЛЬЯНОВ тағы басқа азаматтардың демеушілік жасағаны ел есінде.  

2013 жылыбилік партиясы «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» деген айтысты ұйымдастрыған болатын. Бас жүлдеге – 2 миллион теңге, біріншіорынға – 1,5 миллион теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, үшінші орынға –750 мың теңге тігілген еді. Бұқаралық өнерге айналған айтысқа билікпартиясының ынтықтығы жайлы қоғамда сан айтылды. Қызығы осы жыр аламандарынабәйге қайдан келмек? Бір миллионға жуық мүшеміз бар деп мақтанатыннұротандықтар жарнадан жүлде үлестіре ме, әлде бюджеттен ақша ала ма екен?

Фото: yandex.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33