Кемел Тоқаев Қонаевтың қайын атасы жайлы жазғаны үшін қызметінен қуылған

30.04.2019, 21:33

89

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ әкесіКемел ТОҚАЕВ Қазақстан Орталық комитетінің бірніші хатшысы Дінмұхамед ҚОНАЕВТЫҢқайын атасы туралы жазғаны үшін қызметінен кетуге мәжбүр болған. Бұл туралыҚасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ

 «Әке туралытолғаныс» кітабында жазады. Майдангер жазушы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Хабаршысының»бас редакторы болған. «Жас АЛАШ»сайты сол кітаптан үзінді  ұсынады.

«1978жылдың ортасында «Жалын» журналында Кемел Тоқаевтың жаңа романынан үзіндіжарияланды. Оқырман қауым баспадан кітаптың шығуын асыға күтті. Алайда романныңжурналдық нұсқасы сол кезде өте сақ идеология қызметкерлерінің назарынан тысқалмады. Олар еңбектің бір эпизодында сөз болған Сәкен Сейфуллин мен ірі көпесШәріп Ялымов арасындағы қайшылықты байқап үлгереді. Сәкен Сейфуллин бұл фактініөзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында анық жазады, әрі бұл жағдайдыанықтайтын құжаттар МҚК мұрағатында да сақталған. Алайда, партия идеологтарының«төбе шашын тік тұрғызған» сенсациялық материалдағы С. Сейфуллиннің жеке жауыДимаш Ахметұлы Қонаевтың жұбайының туған әкесі еді. Қазақ тыныш жүрген бе,республика басшысына Кемел Тоқаевтың журналдағы жарияланымы жөнінде біреулерсыбырлап үлгеріпті. Ол шіркіндер С. Сейфуллиннің көпке белгілі шығармасына еңболмаса көз жүгіртіп шығуға да ерінген ғой.

Орталықкомитеттен шұғыл нұсқау түсіп, журналдың тиражы түгелдей кері қайтарылып, КемелТоқаевтың шығармасының орнына басқа материал салынып, қайта басылды. Әкем қағазшығыны үшін, сол уақытта көп ақша болып есептелетін 1000 сом айып төледі, бұлотбасымыздың жұтаң бюджетіне әжептәуір салмақ салды. Кейбір идеологиялықшенеуніктер республика басшылығына күйе жаққаны үшін әкемді партиядан шығарудыұсыныпты. Өкінішке орай, ешкім де жоғарыда келтірген фактінің С. Сейфуллинеңбегінде жарық көргенін елемеген, тіпті елегісі де келмеген. Жоғары басшылыққажағынуды ғана ойлаған пысықайлар соғыс ардагерін партиядан шығаруды ұсынаотырып, мұндай шешімнің қарт жауынгерге қандай ауыр соққы боларын да ойламаған.Бүкіл әулетіміз үшін ауыр сәтте Орталық комитет хатшысы С. Имашев қана еліріпалған кейбіреулердің екпінін басып, Кемел Тоқаевтың әскери және әдеби еңбегінескеруге шақырады. Ақыры бұл мәселе партиялық жаза қолдануға жетпегенімен,әкемді өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетуге мәжбүр етті.»  

Коллаж: zhasalash.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33