Мүсірепов атындағы театр – Бас жүлде иегері

26.09.2019, 11:29

144

Қазақстан театрларының тарихы бастау алатын Семейде 20-25 қыркүйек аралығында өткен театрлар фестивалі мәресіне жетіп, шымылдығын түсірді. Көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы аясында өткен ХҮІІ театрлар фестивалінде еліміздің 12 театры өнер көрсеткен болатын. Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей қалаларымен қатар Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының театрларының әртүрлі жанрдағы сахналық қойылымдарын тамашалаған көрермен үшін фестиваль басқа да ұмытылмас сәттерімен есте қалды. Театр және кино өнерінде есімдері аңызға айналған Асанәлі Әшімов пен Меруерт Өтекешовамен өткен кездесулер Әмина-Ананың атын қастерлеп қана қоймай, семейліктердің мерейін өсірді. 
Сонымен, «Үміт», «Ең үздік әйел бейнесі», «Ең үздік ер адам рөлі», «Шығармашылық жетістігі үшін», «Үздік режиссер» тағы да басқа номинация түрлері бойынша  лайықты болып танылған театр ұжымдары, талантты жастар қаржылай сыйлықтар мен марапаттауларға ие болды.
Фестивальдің Гран-При жүлдесін  «Адам-зат» драмасы үшін «Ең үздік спектакль» аталымы бойынша  Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры жеңіп алды. Шешу сәттегі басты жеңімпазды жариялаған қазылар алқасының төрағасы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов Гран-при мен 1500 000 теңгенің сертификатын театр режиссері Данияр БАЗАРҚҰЛОВҚА салтанатты түрде табыс етті.
-Қандай байқау болса да ең соңына дейін деміңді ішіңе тартып отырасың ғой. Қатты қобалжып тұрмын шынымды айтсам. Бәріміз пір тұтатын Әмина апамыздың туған жеріне — Семейге өнер сапарымен бірінші рет келіп тұрып, бас жүлдеге лайық болып шыққанымыз ерекше оқиға болды. Бұл, біздің театрдың бір биігі болды деп айтуға болады. Әрине, бұл менің жеке жеңісім емес, осы спектакльде ойнаған актер, актрисалар мен театр ұжымының жеңісі деп білемін,-дейді Д. Базарқұлов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайна ТӘТТІМБЕТ 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51