Н.НАЗАРБАЕВ: Тұрғын үйге жұмыс істейтіндер ғана үміткер бола алады

23.01.2019, 20:08

47

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Жастар жылының ашылу салтанатында осы жылы жастарды баспанамен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлу керек екенін айтты. Жиында сөйлеген сөзінде ол: «Қанша құрылыс салсақ салсақ та жеткіліксіз», деді.«Мен халық саны миллионнан асатын қалалардың көп болғанын қалаймын. Бізде тек Алматы бар еді, енді Астана мен Шымкент қалаларында миллионан аса тұрғын бар. Осы үш ірі қалада жұмыс істейтін жастар үшін жылына кемінде мың пәтер саламыз. Бұл пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй санатына жатқызылуы тиіс, бұл мәселені шешуге «7-20-25» бастамасы бағытталды. «Бірақ мұндай тұрғын үйге жұмыс істейтіндер ғана үміткер болатынын есте сақтау керек», — деді президент. Жиын барысында мемлекет басшысы тарапынан жастардың өз ісімен, жұмысымен мемлекеттке көмектесуге тиіс екені де айтылды. Және жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етумен кез келген кәсіпорындар белсенді айналысуы керек.«Мен барлық ірі компанияға үндеу жариялаймын. Және менің өтінішім қалай жүзеге асып жатқанын қадағалаймыз. Олар бізді қолдайды деп ойлаймын", — деген Н.Назарбаев пәтерді жалға алу – қазіргі жағдайда ең тиімді жол екенін де атап өтті. 2019 – Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай елімізде жастарды маңызды қажеттіліктерімен қамтамасыз ету үшін қарапайым қолдау құралдарын – қолжетімді, сапалы білім, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жақсы өмір сүруге және отбасын құруға мүмкіндік беру сияқты бағдарламалар әзірленуі тиіс.Фото: egemen.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33