Нұркент, Нұр Алатау, Нұршашқан...

09.01.2019, 20:46

55

Қазақстанда нұрлану процессі жалғасып жатыр. Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді. Бұйрық adilet.zan.kz сайтында жарияланды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланған тұста құптарлық жағдай. Алматыдағы Ремизовка ықшамауданы – Асқартау, Бутаковка – Мұзтау, Заря Восток – Шапағат, Трудовик – Томирис болып өзгеріп, совет кезіндегі атаулар алынып тасталды.Алайда, бұл жерде Алматы қаласы әкімі Бауыржан БАЙБЕК пен мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ арасындағы бір тамаша тандем көзге түседі. 2017 жылы қала әкімі Алматыда 500 теңгеге тамақтануға болады деп Qaznet-тің «жұлдызына» айналған еді. 2018 жылдың соңында президент 500-дің соңына тағы бірнеше нөл қосып Қазақстан халқы 500 мың теңге айлық алады деп айды аспанға шығарды.Енді… Енді міне «Нұр Отан» партиясында төрағаның бірінші орынбасары болған «болашақтық» әкім елдегі ең үлкен қаладағы үш ықшамауданды әп сәтте нұрландырып жіберді. Жоғарыдағы тандемді ескерсек, ендігі кезек мемлекет басшысында. Осындайда Павлодар мен Петропавл қалаларын Нұрқала, Нұркент деп ауыстыру туралы идея еске түседі. Бәлкім, мемлекет басшысы әкімге жауабын солтүстіктегі қос қаланы нұрландырып жауап қатар...   
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33