Президенттің жерлесі жоғарғы сот судьясы болды

14.03.2019, 16:09

48

Мейрамбек ТАЙМЕРДЕНОВ Жоғарғы соттың судьясы атанды. Оның кандидатурасын Сенат депутаттары бекіткен. Сенаторларға Мейрамбек Таймерденұлының кандидатурасын мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынды.«Мемлекет басшысы Мейрамбек Таймерденовты Жоғарғы сот судьясы қызметіне ұсынып, сіздердің қарауларыңызға ұсынды. Ол прокуратурада, юстиция және сот жүйесінде еңбек етті. Сот саласындағы еңбек өтілімі 15 жыл. Оның 11 жылын басшылық қызметте болды. Алматы қалалық сотын басқарды. Соңғы жылдары Алматы облыстық сотының басшысы болған еді. Өз қызметін кәсіби түрде атқарған тәжірбиелі маман», — деді жоғарғы палата депутаттарына Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат ДОНАҚОВ.Депутаттар президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұсынған кандидатты бірауыздан қолдады. Талғат Донақовтың сөзінде жан бар. Жоғарғы соттың су жаңа судьясы қызмет жолын осы салада қарапайым сот орындаушысы болып бастаған.Талдықорған қаласындағы заң техникумын, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің заң факультетін аяқтаған. Президенттің 1997 жылғы №3433 қаулысы бойынша Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының судьясы болып тағайындалды.Айтпақшы, Мейрамбек Таймерденов президенттің жерлесі. Ол да Алматы облысындағы бұрынғы Қаскелен ауданы, Шамалған ауылында 1958 жылы дүниеге келген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы да осы ауылдың тумасы.Фото: total.kz 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33