Қаракемерліктердің қуанышы

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 18:23

982

Қордайда жыл басында болған қазақ-дүнген арасындағы қақтығыстан кейін бұл ауданға ерекше көңіл бөлініп, қазынадан қаржы да молынан қарастырылды. Өз кезегінде Қордайға әкім болып барған Рүстем Дәулет те істің көзін білетінін танытып, жапырып жұмыс істеп жатыр.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қордай ауданының Қаракемер ауылында кезекте тұрғандарға жаңа үйлердің кілттері табысталды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын қоныс тоймен құттықтады.

Бұл күні жиырма отбасы жеке жер телімдері бар коттедж типіндегі пәтер кілттеріне ие болды. Олардың арасында көп балалы аналар, дәрігерлер, мұғалімдер, бюджеттік сала қызметкерлері және басқалары бар.

Бердібек Сапарбаев бірқатар баспаналарды аралап, жаңа үйлі болғандары құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.

— Біздің басты міндетіміз – халықтың, өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту. Аудан тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Атап айтсақ, ауданда 400-ге жуық жоба іске асып, 4,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ол үшін мемлекеттен 35 миллиард теңге бөлінді. Мысалы, жыл басында қордайлықтардың газбен қамтамасыз етілуі 47 пайызды құраса, жыл соңына дейін 95 пайызға жетпек. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

— Біз алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейтін жұбайымыз Әділ екеуміз алты баламызмен бірге біресе үй жалдап, арасында ата-аналарымызбен бірге тұрып келдік. Міне, енді пәтерлі болып бақыттан басымыз айналуда. Аумағы кең, заманауи жуынатын бөлмесі бар. Айналасындағы жер учаскесінде біз көктемде міндетті түрде жұмыс істейтін боламыз. Бүгінгі қуанышыммен құттықтауға менің 86 жастағы анам, ағаларым, туыстарым келуде. Тәуелсіздік күні қарсаңындағы осындай тосын сый үшін Мемлекетке ризамыз, — деді қуанышын жасыра алмаған көпбалалы ана Самал Әлиева.

Барлық үйлер инженерлік желілермен қамтылған. Жаңа пәтерлерде көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын болады. Сондай-ақ, жас дәрігерлер, мұғалімдер, ауылдың учаскелік инспекторы да қызметтік тұрғын үй ретінде алты пәтерге қол жеткізді.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Елдос Меңдекеевтің айтуынша, аудан орталығында тағы төрт көпқабатты үй салынуда. Олар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр
Мариям МАҚСАТ 03.03.2021, 09:44
«Біз қуыршақ емес, кеудемізде жанымыз бар адамбыз!»

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51