"Qazaqstan" арнасы Тәуелсіздік күні алты концерт көрсетті

17.12.2019, 12:31

88

Қазақстанның ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні халықтың салығынан қаржыландырылатын «Qazaqstan»ұлттық телеарнасы не көрсетті?

2018жылы 6-шілде елорда туған күнінде «Qazaqstan» телеарнасының жаңалықтар қызметітікелей эфирге шығып, ақпарат таратқан еді. Халық көп жиналған жерлердентелекөпір ұйымдастырылған-ды.

АлТәуелсіздік күні ұлттық арнаның жаңалықтар қызметі  ақпарат таратпады. «Qazaqstan»-ның ресмисайтынан көрсеңіз де болады. Бағдарламалар кестесінен жаңалықтарды көзімізшалмады. Айтпақшы, Тәуелсіздік күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАНбастап бірде-бір шенеунік ел алдына шығып ең басты мерекемен құттықтамады. Соданда болар жаңалықтағы журналистер эфирден көрінбеді.

16желтоқсан күні «Qazaqstan» әдеттегідей эфирін сағат таңғы 6-00-де әнұранменашып,  «Көңіл толқыны» концертін берді. «Мәселе»әлеуметтік-сараптамалық бағдарлама ел ұйқыда жатқанда таңғы 6-25 көрсетіліп,концерттер қолайлы уақыттарға қойылды.

Көрермендер«Салған әнім шіркін-ай» (Ардақ Балажанованың кеші),  «Ұлы дала баласы» (Төреғали Төрәлі кеші),Әзіл әлемі (Тұрсынбек Қабатовтың бенефис шоуы), «Елім менің» (мерекелік концерт),Көңіл толқыны атты концерттер көрсетілді. Сондай-ақ, «Шытынаған тағдыр» дегентүрік телехикаясы ұсынылды. Алты концерттен өзге көпшілік күткен дүниелер декөрсетілді. Экс-президент Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ кенже қызы Әлия НАЗАРБАЕВпродюсерлік жасаған «Томирис» тарихи драмасы көрерменге жол тартты. АқанСАТАЕВТЫҢ бұл туындысына 10 млн АҚШ доллары жұмсалған еді. Идея авторы және баспродюсер Әлия НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ.

Тәуелсіздіккүні қазақтардың қорықпай соғысқанын көрсете алатын жойылып кеткен жоңғарларменсоғысы жайлы жаңа туынды да көрсетілді. Ол – «Орбұлақ шайқасы» телехикаясы. Ұлттықарна Нұр-Сұлтан қаласын ұлықтауды да ұмыт қалдырған жоқ. «Үш алып келеді күшалып» арнайы тележоба екі рет көрсетілді. Бұл бағдарлама еліміздегі үшмегаполис қала туралы. «Тұлға» бағдарламасы мен «Береке бірлігіңде, елім!» аттыайтыс та мереке күні халық назарына ұсынылды. Біздің көк жәшіктен көргенімізосы.

Фото: sxodim.com

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33