02.07.2019, 15:54
72
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласыныңтұрғыны 14 жыл бойы күткен, кезегі келіп тұрған пәтерін ала алмай қалды. «31арнаның» хабарлауынша тұрғын пәтер кезегінде бірінші болып тұрған.
Талдықорғанқаласында тұратын Ырыскүл ЕСТЕМЕСОВА бірінші болып тұрғанмен, көп ұзамай кезектенсызылып тасталған. Тұрғынның айтуынша, ол о баста мүгедек баласы бар анаретінде кезекке тұрған. Бірақ, осыдан төрт жыл бұрын сал ауруына шалдыққанбаласы қайтыс болып кеткен. Осы жағдайдан кейін баласының қазасы жөніндеқалалық тұрғын үй бөліміне жазбаша хабар беріпті. Бірақ, ондағылар ол кезде деүйді бұрынғы тізім бойынша аласың деген.
«Жағдайды түсіндіріп жалғызбасты ана ретіндеүйді қалай ала алам деп сұрадым. Маған сол санат бойынша беріледі дептүсіндірді», — дейді тұрғын.
Соңғы төрт жылбойы ұлы қайтыс болғанмен пәтер кезегі жылжып отырған. Бірақ, әбден тақалғандабұл заңсыз бола қалған сыңайлы.
«Заң бойынша, анықтамасын алып келгенде олкісіні кезектен алып тастап, қолына хабарлама беру керек еді. 2015-2019 жыларалығында қаншама кезегім жылжитын еді деп бұл кісі өз наразылығын айтып отыр.Сондықтан оның жағдайын комиссияға береміз», — дейді қалалық ТҮКШбөлімінің сектор меңгерушісі Данияр ОРАЗОВ.
ЫрыскүлЕстемесова комиссия әділ шешім шығарады деп сенеді. Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВта бұл жағдайды назарына алса дейді…
Фото: kasparov.ru
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР