ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады

Сайт әкімшілігі

27.01.2021, 14:20

1175

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады, — деп хабарлайды  ҰҚК баспасөз қызметі. 

«2021 жылы 13 қаңтарда Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-мен өзара жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өсімдік тектес есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар бір топ адамды ұстады», — делінген  «Жас Алашқа» жіберілген хабарламада.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Атырау мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілер қамауда болады.

«Аталған адамдар деструктивті діни ағым ұстанушылары. Тергеу шаралары жалғасып жатыр», — деп толықтырды ҰҚК өкілі.

Тегтер: қылмыс адам өлтіру төбелес полиция заңсыздық зорлық-зомбылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайна ТӘТТІМБЕТ 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:27
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» Үкімет мұны түсіне ме?
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 17:51
Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 09:55
Қазақстан білікті мамандарынан айырылып жатыр

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51