Үш ай бұрын салынған жаңа мектепті жөндеу қажет  

14.04.2018, 00:17

65

Ақтөбенің Ақшат ауылында мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған мектептің жертөлесі суға кетті. Былтырғы жылдың соңында ғана салынған  білім ошағының құрылысын «ТрейдИнтерком» ЖШС жүргізген. 300 орынға арналған Әлихан Бөкейханов атындағы №67  мектептің құны да қомақты, қазынадан 864 млн теңге жұмсалыпты.Мектептің лентасы 2017 жылдың   желтоқсан айының 28 күні салтанатты түрде қиылған еді. Арада үш ай өткенде 2018 жылдың 27 наурыз куні еріген қар су мекеменің жер төлесін басып қалған. Абырой болғанда, оқушылар көктемгі демалыста болып, оқу процесіне кедергі келмеген. Ауылдың тұрғындары жағдайға шенділерді кінәлайды. Құрылыс басталмас бұрын, жыраның бойына салынған мектепті ертең су шаяды деп ескертіпті. Бірақ, оған ешкім құлақ аспапты.«Жыраның орны ғой, қауіпті, ертең су шайып кетсе, не болады деп айтудай айттық. Мектеп дегенді мұндай жерге салмас бұрын, ойлану керек еді. Енді не болды? Балалар оқып жатыр. Бізде үрей бар, алда-жалда құлап қалып, балаларымыз майып болмаса  әйтеуір деп, жанымызды шүберекке түйіп отырамыз», — дейді Ақшат ауылының тұрғыны Жеңіс ЖОЛАМАНОВ.Суық судан ғимараттың тек жертөлесі ғана емес екен бүлінген. Мектептің суағарында да кінәрат болып шықты. Жырамен су аққанда, ауласын да шайып кеткен. Жолға төсеген тастары бүлініп, опырылыпты. Сегіз айда салынып біткен  мектепті  кезінде Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі қабылдап алған. Шенеуніктер ауыл тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ деп, жұбатып отыр.«Айтарлықтай ақау жоқ, тек еріген қар суымен бір- екі жерге төселген тас бүлінген. Оны қалыпқа келтіреді. Сылақтары түскен жерді де реттейді. Жалпы, құрылысқа жауапты компания 2 жылға  кепілдік мерзімін береді», — дейді қалалық құрылыс бөлімі басшының орынбасары Нұрлан ТҰРЫМОВ.Зада Зейін, Ақтөбе

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айжан БҮРКІТБАЕВА 09:02
«Сенім кредиті» таусылған Көлгінов отставкаға кете ме?
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 14:20
ҰҚК есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады
Сайт әкімшілігі 27.01.2021, 09:56
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Бифат ЕЛТАЕВА 27.01.2021, 09:28
Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 14:20
Қазақстан "қызыл" аймаққа енді
Сайт әкімшілігі 26.01.2021, 13:42
Тоқаев Цойға вакцинаға қатысты тапсырма берді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» – қазақтың сөз киесін арқалаған қасиетті шаңырағы
    09:17
  • Кім көрінгеннің ермегіне айналған отбасы заңы
    27.01.2021, 09:28
  • Озат ойдың айбыны
    26.01.2021, 11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    26.01.2021, 10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46