09.07.2020, 10:58
91
Шымкент қаласында өкпе қабынуымен ауырған науқастарға тиісті медициналықкөмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов брифингте мәлім етті.
– Шымкент қаласында провизорлы орын саны 1 маусымға дейін3 стационарда 320 төсек-орын, 30 маусымға дейін 23 стационарда 2 960төсек-орын, ал 7 шілдедегі жағдай бойынша 3010 төсек-орын ашылды. Ал күндізгістационарларда 1 маусымға дейін 1281 төсек-орын болса, қазіргі таңда 51емханада 633 төсек-орын бар. Сондай-ақ, жұқпалы ауруханалардағы төсек-орынға160 орын қосылып, ол 650-ге жеткізілді. Осы ретте науқастар жайлы айтсам,бүгінге дейін қалада пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелсе, оның 95,6%-ыауруханаға жатқызылып, 60 пайызы емделіп шықты. Ал ЖРВИ-мен ауырғандардың 86%-ыемделуде және күндізгі стационарларда күніне орта есеппен 2000 науқасқамтылуда. 1 маусымнан 6 шілдеге дейін жедел-жәрдем шақыру 59 925-ке жеткен. Яғни, шақырту саны 2 есегеөсті. Осыған байланысты «103» диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайып, оған қосаCall-орталығы (109, 1430) іске қосылды. Жалпы бүгінге дейін қаладағы жұқпалыаурулармен ауырған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында 56 мобильдітоп құрылып, нәтижесінде 10 341 науқасқа қызмет көрсетілді, – деді қала әкімі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР