05.11.2019, 10:31
60
Ақтөбе облысында екі күннен бері тоқтаусыз жауған қар мен ұйытқып соққанбораннан жолаушылар автобусы, 125 жүк көлігі мен 70-ке жуық жеңіл автокөлік тасжолда тұрып қалған.
3 қарашадан бастап боран тұратынын және 4 қарашаға қараған түні аяз соғыпмұз тайғақ болатынын төтеншеліктер ескерту жіберумен болды.
Алайда кеше кешкі сағат 18:33-те «Самара – Шымкент» тасжолының 1153-1240шақырымы аралығында көліктердің қар құрсауында қалғаны хабарланды. Қарлы боранның кесірінен жолдарда тұрып қалған көлік тізбегі көптегеншақырымға созылған. Ырғыз ауданы Қалыбай ауылы маңында жүк көліктерімен қатар жеңіл көліктертұрып қалды.
«Шамамен 200-ге жуық көлікжолда тоқтап тұр. Оның 70-і — жеңіл көлік болса, біреуі — 15 жолаушысы баравтобус. Барлығы 125 жүк көлігі де бар. Қазір құтқару жұмыстары жалғасыпжатыр», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кету керек жолда қалғандар арасында өзге елдің азаматтары да бар.Құтқарылған адамдар жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізіліп жатыр. ТЖДәзірге құтқару жұмыстарына қанша адам жұмылдырылғанын айта алмады.Құтқарылғандардың саны 132 адам. Соның 17-сі бала. Естеріңізде болса дәл осы жерде осыдан екіжыл бұрын Өзбекстанның 52 азаматы мінген автобус жолда қалып, ішіндегіадамдармен түгел өртеніп кеткен болатын.
Фотолар автордікі.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР