13.04.2020, 11:33
65
Бүгін Арыс қаласында сағат 11.00-детөтенше жағдайға байланысты қаладағы барлық дабыл қаққыштар іске қосылып,маңызды хабарлама айтылды. Себебі қалада COVID-19 індетін жұқтырғандардың саныбірден алтауға көбейді. Барлығы да бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда қаланың Наурыз елді мекенінің 1965 жылы және 1987, 1989, 1998, 2004, 2010 жылы туған тұрғындары.
— Құрметті арыстықтар, әлемді шарпыған COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны артуда. Инфекцияжұқтырған азаматтар арнайы дайындалған ауруханаларда емделуде. Науқастанғаназаматтармен қарым-қатынаста болған тұрғындар оқшауланып, бақылауға алынған.Сіздерден үйден шықпауды, көпшілік орындарға барудан бас тартудысұраймыз,-делінген Арыс қалалық әкімдігінің халыққа таратқан хабарламасында.
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны –43-ке жетті. Соңғы тәуліктердежоғарыдағы алты науқастан бөлек Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының 1987жылы туған тұрғынының қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болды.
Жетісай ауданында – 14 науқастіркелген, оның ішінде 1956 жылы туған азамат 4 сәуір күні қайтыс болған.Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасыда — 2, Сайрамда — 2, Мақтааралда — 4, Арыста — 14, Сарыағашта — 1, Бәйдібекте -1 тұрғын COVID-19 індетіне шалдыққан.
Вирус жұқтырғандар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Түркістан облысы
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР