Сайлаудағы цирк: бұл сайлау тәуелсіз бақылаушыларды біраз сенделтті

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

11.01.2021, 13:29

1796

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек. Яғни сайлаудың пандемиялық жағдайда өткізілуін биылғы сайлаудың басты ерекшелігі десек те, сол ерекшелігімізге мүлдем дайын емес екеніміз анық аңғарылды. Сайлауды жақыннан сезіну үшін тәуелсіз бақылаушы болуға бел байлаған едік...

Алдын ала үш күн бұрын бойымызда карановирустың бар жоғын анықтайтын ПЦР тест тапсырдық. Екі күннен кейін «сараптама қортындысы дайын, saqbol қосымшасын жүктеу арқылы сараптама нәтижесін біле аласыз»  деп, телефонымызға хабарлама келгенімен, ол хабарлама бір келгенде екі қайтара келіп, және әрқайсысында тапсырыс нөмірі әртүрлі болып бір састырды. Айта кетер жайт, ПЦР тестің нәтижесін білуге арналған код маған екі қайтара келсе, кейбіреулерге мүлдем келмеген. Бірақ аталмыш қосымшаны жүктеп алып қанша әуреленгенімізбен ПЦР тест нәтижесін алу мүмкін болмады. Яғни қосымша ішінде өзім жайлы мәлімет болмай шықты. Амалсыз екінші қайтара damumed қосымшасын жүктеп, өзім іздеген мәліметті таптым. Ал мен секілді бақылаушы болғысы келген тағы бір әріптесім damumed-тен де іздегенін таппай, egov қосымшасын жүктеді. Одан да ПЦР тестің нәтижесін таппай, сайлау болатын күні таңда белгіленген сайлау учаскесіне барғанымен  кіргізбеді. Яғни ПЦР тест тапсырса да, оның нәтижесін №3 қалалық емхана қолына бермей, «мобильдік қосымшаларға жүктеледі» дегенімен, мобильдік қосымшаларға мәлімет жүктелмеген. ПЦР тестің нәтижесін үш бірдей мобильді қосымша арқылы көру мүмкін болғанымен, сайлау кезінде олардың бірде біреуі кейбіреулер үшін жарамады. Осы орайда осы қызметті бірнеше мобильді қосымша  арқылы анықтауға болатын жолдарын қарастырғаннан бірыңғай, қолжетімді бір ғана жүйесін неге қалыптастырмасқа дейсің еріксіз?!

Ал менің ПЦР тестімнің нәтижесі damumed-тен табылып, анықтамасын телефоныма жүктеп алғаныммен 10 қаңтар күні таңертең Ақкент шағын ауданында орналасқан, «№ 181 Жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде орналасқан № 36 сайлау учаскесі мені кіргізуден бас тартты. Яғни пандемия цифрлы жүйенің маңыздылығын қанша жерден сездіргенімен, Қазақстанның цифрлы жүйеге бейімделіп келе жатқаны қаншама рет айтылып жатса да, шын мәнінде кейбір мекемелердің құжаттың электронды нұсқасын місе тұтпайтынын, қағаздағы нұсқасына ғана сенетінін, «қағазды қолымен ұстап, шетінен тістеп, жеп көрмей сенбейтіндей дәрежеде» қағазға бауыр басқанын анық сезіндік. Яғни № 36 сайлау учаскесінің төрағасы анықтаманың қағаз түрінде болуын, және оның мөрі болуын талап етті. Яғни Damumed жүйесі арқылы анықтама алу мүмкін болғанымен, онда мөр де, маманның қолы да болмайды екен. Яғни мобильдік қосымша арқылы жүктеу қызметі де талапқа сай емес. Амалсыз ПЦР тест тапсырған мекемемізге хабарласып, анықтамада мөр болуын талап еттік. Бірақ екінші қайтара  мөр басылып келген анықтаманы да № 36 сайлау учаскесінің төрағасы жаратпады. «Тек қана қағаз нұсқа» деп қасарысқан комиссия өкілдерін «пандемия кезінде бетпе бет байланыс жасаудың қауіпті екенін, сондықтан электронды құжат айналымы маңызды екенін» айтып түсіндіре алмадық. Нәтижесінде сайлау учаскесінің дәлізінде екі сағат аязда қалдым. Тек әр жерге хабарласып, журналист ретінде заңды құқығымызды талап ете бастаған соң ғана сайлау учаскесінің төрайымы екі сағаттан соң ішке кіргізді. Сайлаудың өтетіні бірнеше ай бұрын белгілі болды. Кароновируспен өмір сүріп жатқанымызға бір жылға жуықтады. Бірақ әлі күнге індеттің сайлау секілді маңызды науқанға кесірі тимеуін қамтамасыз ете алмай отырмыз.

Екі сағаттан соң сайлау учаскесінің ішіне кіргенімізбен «артық бақылаушы қабылдамайтын, белгіленген алты орындық толып қалған» мәселе тағы алдымыздан шықты. Тағы да жан жаққа шағымдана бастаған соң ғана бақылаушы орындығына әзер жеттік. «Әрбір дауыс маңызды» дегенмен, дауыс берушілерге, бақылаушыларға қатысты мұндай мәселелер сайлаудан көңіл қалдырмай қоймайды. Өзі төрт бес жылда бір болатын сайлауға көпшіліктің теріс көзқарасын қалыптастырмай, адамдарға ыңғайлы, халықтың көңілінен шығатындай дәрежеде неге ұйымдастырмасқа?! Осындайда  аталарымыздың «сайлауға тойға баратындай барушы едік қуанып, музыка қосылып тұратын» дегені еске түседі.

Айтпақшы сонша айқай шумен алдыртқан ПЦР тестің нәтижесінде ПЦР тесті 7 сі күні тапсырсам да, 4 қаңтар күнінің белгіленуі тіпті таң қалдырды. Бұл да болса ПЦР тестің қортындысының ақиқатына күмән келтірмей қоймайды. Жалғыз менде емес бұл жағдай талай тәуелсіз бақылаушыда кездесті.  ПЦР ға қатысты туындаған мәселенің кесірінен талай бақылаушы сайлауға рұқсат алып қойса да кіре алмады. Осынша кедергілермен сайлауға кіргенімізбен, сайлау учаскесінің тым суықтығы бақылаушылар үшін тіпті қолайсыз болды. Сайлау комиссиясы «егер салқынға шыдамасақ қайтуымызға болатынын, ал мектепте оқушы жоқ болғандықтан жылу жоқ екенін, санитарлық талапқа сай мектептің екі есігін қатар ашып қоюға мәжбүр екенін, дауыс берушілер дизенфекциясы бар бір есіктен кіріп, басқа есіктен шығуы қажеттігін» жеткізді. Таңертеңгі 06:00 ден бастап, кешкі 21:00 ге дейін сайлау учаскесінің суықтығынан аяқ қолымыздан жан кетті деуге болады.

   Таңертеңнен халықтың із суытпай сайлауға асығуы алғашында қуантқанымен, олардың сайлау бюллетеньдерін сайлау жәшігіне салар салмастан селфи жасап, басқалардан «жұмысқа есеп беру үшін суретке түсіріп жіберуін өтінуі» халықтың өз еркімен емес, жұмыс берушілердің күштеуімен жеткенін аңғартты. Оларға сайлау комиссиясының мүшелері ескерту жасап, жатса да «жұмысқа онсыз кіргізбейтінін» айтқан көпшілік қарсылыққа қарамастан суретке түсіп, немесе сайлау жәшігін суретке түсіріп алып үлгеріп жатты. Демек қоғамымыз әлі де болса сайлаудың ең алдымен әркімнің өзі үшін, болашағы үшін маңызды шара екенін түсінетін деңгейге жетті деп айта алмаймыз. Сайлаудан түйгеніміз осы болды. Дегенмен таңдау жасалды...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 11:01
Қазақтан келін алған Раудың басы дауға қалды
Күлтегін БЕК 09:33
Айырқалпақтылардың «айрықша» президенті
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:18
Байқа, билік, байқа, полиция! Ертең заңгерлер митингіге шығады
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 15:44
Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.03.2021, 12:12
Жақсылықов жақсы әкім бола алмай отыр
Әділ АҚЫЛБАЙ 02.03.2021, 10:05
«Алтын Орда» кімді қиратпақ?

Аңдатпа


  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51